Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

Алматы қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Өкінішке орай қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті. Мұндай ақпаратта жедел штаб өкілдері берді», - деді ол.
Қазіргі таңда Алматыдағы ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр.
Азаматтық авиация комитеті таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған.
Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.
Алматыда құлаған ұшақ ісіна қатысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.
27 желтоқсан 2019 ж. 754 0