Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатып тастады

Токио мен Осака арасында жүретін Shinkansen пойыздары Майбара мен Гифу-Хашима станциялары арасында 17.25-те жыланның кесірінен тоқтатылды, – деп хабарлайды The Guardian.
Жылан электр бағанасына өрмелеп шығып, электр желісін бойлай жорғалап өтпек болған кезде өліп қалған. Сағат 19:00-ден кейін электр қуатын беру қалпына келтірілмеді.
1964 жылғы Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда ашылғаннан бері Shinkansen (Токайдо Шинкансен) пойызын 7 миллиардтан астам жолаушы пайдаланды. Оның үлгілі қауіпсіздік рекорды бар. Әзірге олармен байланысты жарақаттар мен жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
Фото: baq.kz