Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет 6, 7, 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. 6-8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ та жауады.
6-7 мамырда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, ал 7-8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын жауады. Қарағанды облысында ғана жауын-шашын жаумайды.

Елдің оңтүстік-батысында, 8 мамырда оңтүстік-шығысында құмды дауыл соғады.

6 мамырда Павлодар және Абай облыстарында, 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.

"Күндіз ауа температурасы әртүрлі болады: батыста 23-30 градустан 21-26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта 27-35 градусқа дейін жылынса, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін аптап ыстық болады", - деп жазылған хабарламада.


Ақпарат көзі: massaget.kz
Фото: Н. Нұржаубай 
05 мамыр 2025 ж. 63 0