Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер

Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер

Ер азаматтардың ойынша, әйел баласын қандай қасиеттері тартымды ететін білесіз бе?

Тұлғасы келісті, көркі де бас айналдырар сұлуды көргенде кез келген еркек өзін-өзі басқара алмай қалатынын байқап қаламыз. Алайда, барлық еркекті солай атауға болмайды, әйелдің сұлулығымен қоса мінез-құлқына баса назар аударатындар бар. Ендеше, ер азаматтардың ойынша әйелдер қауымын тартымды етіп көрсететін қасиеттерге тоқталайық.Ақкөңілдік.
Қазіргі күні, әйел баласының бойынан бұрынғы аналарға тән шынайы аңқылдаған ақкөңіл қасиетті сирек көреміз. Әрине, қыздардың өз жақындарымен байланысын айтпағанда. Негізі, еркектер өзімен қоса, туған-туыс, жолдас-жораларының да көңілін таба білген әйелді жоғары бағалайды екен. Олар әр күннің ерекше өтуін қалайды, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, күнді қызықты өткізе білетін әйелмен бірге болуды қалайды. Бұл соншалықты қиын емес, әйелдер шынайы езу тарта білсе жеткілікті. Күлімсіреп қарау — әйелді анағұрлым тартымды етіп көрсетеді. Шынайы күлімсіреу – сенімді, оптимист адамның қасиеті, кез келген еркек екінші жартысының бойынан мұндай қасиеттің болғанын қалар еді.
Әзілді түсіне білу, көңіл көтере білу.
Өзіңді сүю мен өз бақытыңды бәрінен жоғары қою өзімшілдіктің белгі емес. Кез келген қарым қатынасты алып қарайық, мейлі ол достық, мейлі романтикалық ондағы адамдардың бәрімен күліп — ойнап уақытты жақсы өткізуге тырысу. Сезімге берілмей, көңіл-күйді көтеруге басымдық беру. Әзілді орында қабылдаудың арқасында адамның өмірге көзқарасы анағұрлым өзгереді. Бұл, еркектер жеңілтек әйелді қалайды дегенді білдірмейді, яғни әзілді орынды қабылдай білу, көңілді жүру керек екенін айтқым келеді.
Әуесқойлық.
Бұлай айтуым көп қыз-келіншектер қауымына ұнамауы мүмкін, алайда, сылқым бикештердің әуесқой ісі немесе болашаққа жоспарлаған мақсаты болуы керек. Жігіттер – әлемде, сүйікті ісімен шұғылданып отырған әйелден тартымды адам жоқ, — деп есептейді. Мүмкін сіз музыкалық аспапта ойнауды үйренгіңіз келетін шығар немесе адам жанына ем жасайтын дәрігер болғыңыз келер. Әйелдер өзін қызықтыратын ісі туралы айтқанда жанарында от пайда болады. Мұндай қызбен бірге болған жігіт зерікпейді өйткені, әңгімелейтін тақырып бар.
Сүйіктіңнің достарымен қарым-қатынас.
Қытай елінің мақалы бойынша, егер әйел болашақ күйеуінің достарымен тіл табыса алса, олар ұзақ өмір сүріп, бақыты отбасын құрады.
Сенімділік.
Өзіне сенімді әйелге қараудан артық әдемілік жоқ шығар. Сенімділік қасиет еркектерге ғана қатысты емес. Қыздар сенімді жігітті қалағанындай, жігіттер де, әйелдің бойында өзін мойындата білетін, қорғай алатын қасиеттің болғанын құп көреді.
Табиғи сексуалдық.
Сексуалды тартымдылық туралы көп нәрсе айтуға болады, ең бастысы әйелді сексуалды етіп көрсететін не? Көптеген еркектер үшін әйелдің қандай киім кигені, әйелдің тәні қызықтырмайды. Шын мәнінде, киген киімі өзіне ұнай ма, өзін жайлы сезінеді ме, маңыздысы осы. Сексуалдық қасиет адам табиғатының бір бөлшегі. Әйелдер оны сезінген сәтте, одан сайын құлпыра түседі. Киген киім әйелге тән сұлулықты көрсететіндей әдемі, жүріп-тұруға ыңғайлы болса, тартымды көрінеді.
Батылдық.
Қыздар үшін екі маңызды нәрсе бар: кім екеніңді, не қалайтыныңды білу. Өзінің не қалайтынын білмейтін, мәселенің шешімін таба алмайтын, жауапкершілікті алудан қорқатын адам көпшілігіміздің ашуымызды туғызатыны рас. Сол себепті әйелдер батылдау болуы керек. Қандай жанрда фильм қарау, қандай мейрамханадан кешкі ас ішуге баруға болатынын таңдай білген дұрыс. Батылдық – ойын ашық әрі тез жеткізе білу.
Стиль
Жігіттер көзбен сүйетіні рас. Бұл, мүмкін, даму заңдылығы болса керек. Сондықтан, қыздардың сезіну стильі ерекше болуы керек. Әр еркек қайталанбас жаратылыс иесін қалайды. Жігіттер, топырлаған қыздар ішінен ерекше көзге түскен сұлуға назар салатыны мәлім. Сондықтан қайталанбас өз стильіңді қалыптастыру орынды
www.qazbrand.info
10 сәуір 2019 ж. 3 351 0