Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эгей теңізінде 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды

Эгей теңізінде 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды

Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәліметінше, Эгей теңізінде 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық белсенділік жергілікті уақытпен 02:30-да анықталған. Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінің акваториясында, ал ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, мамандар жағдайды бақылауды жалғастыруда.

Фото: baq.kz
14 мамыр 2025 ж. 66 0