Түркияда жер сілкінісі тіркелді
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатия провинциясында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 16:04-те Батталғазы ауданында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 13,93 шақырым тереңдікте орналасқан.
Малатия губернаторы Эрсин Язджидің айтуынша, құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Фото: teznews.kz










