Ыстамбұлдағы Ресей – Украина келіссөздерінің жаңа күні белгілі болды

Бұл туралы РБК-Украина ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазды.
Бейсенбі, 15 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Ыстамбұлда Ресей Федерациясымен келіссөздерге қатысатын делегация құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Келіссөз тобын Қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарады, оның құрамына тағы 11 адам кіреді.
Олардың қатарында Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислиц, Украина Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Украина Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский, Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко және т.б.
Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Оның құрамына Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин де кіреді.
Бұған дейін Зеленский Ресей делегациясының құрамын сынға алған болатын. Оның пікірінше, оның деңгейі Мәскеудің шынайы диалогқа бейіл еместігін көрсетеді.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинмен жеке кездеспейінше, Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша келіссөздерде ілгерілеушілік болмайды деп есептейді.
11 мамырға қараған түні Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда "алғышартсыз" тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Бұған жауап ретінде Зеленский Ресей президентімен сол күні Түркияда келіссөздер жүргізуге келісті және оны 15 мамырда Түркияда жеке күтетінін айтты.
Фото: baq.kz