Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Кореяда интернет жұмысы тоқтап қалды

Солтүстік Кореяда интернет жұмысы тоқтап қалды

Солтүстік Кореяда интернет жүйесінде ірі ақау тіркелді. Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Джунаде Алидің айтуынша, қазіргі уақытта КХДР-дың барлық ірі интернет-ресурстары, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі мен елдің Орталық телеграф агенттігінің сайттары қолжетімсіз болып отыр.

    Солтүстік Кореяның интернет кеңістігінде кең ауқымды ақау тіркелді. Бұл барлық желілік маршруттарға әсер етуде, олардың Қытай немесе Ресей арқылы бағытталуына қарамастан, – деді сарапшы.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта елдің интернет инфрақұрылымы желілік белсенділікті бақылауға арналған жүйелерде мүлде көрінбей қалған. Джунаде Али бұл оқиғаның басты себебі ретінде сыртқы кибершабуылдарды емес, ішкі техникалық ақауларды атады.

Фото: baq.kz
07 маусым 2025 ж. 36 0