Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22:06, 16 Маусым 2025 | GMT +5 Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді

22:06, 16 Маусым 2025 | GMT +5 Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді

Өзбекстандағы пойыздар аптап ыстыққа байланысты енді баяу жүре бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді

«Өзтеміржолаушы» компаниясынан мәлім еткендей, мұндай шешім жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.

    — Жылдамдыққа қатысты шектеу енгізілген соң пойыздар межелі жерге кестеде көрсетілген уақыттан кешігіп жетуі мүмкін. Сонымен қатар аптап ыстыққа байланысты вагондардағы салқындату жүйесінің де қуаты төмендейді, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фото: UzA ақпарат агенттігі
16 маусым 2025 ж. 21 0