Тегеран Израильмен бітімгершілік шартын атады

Бұл туралы 24 маусымда Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи Х желісінде жазды.
"Қазір атысты немесе соғыс қимылдарын тоқтату туралы "келісім" жоқ. Израиль режимі Иран халқына қарсы заңсыз агрессиясын Тегеран уақыты бойынша сағат 4:00-ден кешіктірмей тоқтатқан жағдайда біз өз әрекеттерімізді жалғастыруға ниет білдірмейміз", - деп жазды ол.
Министр соғысты Иран емес, Израиль бастағанын мәлімдеді.
"Әскери операцияларымызды тоқтату туралы соңғы шешім кейінірек қабылданады", - деді ол.
Фото: Нұрболат Нұржаубай