Израиль мен Ливан соғысты тоқтатты
27 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де Израиль әскерилері мен Ливандағы "Хезболла" қозғалысы соғыс қимылдарын тоқтатты.Осыған дейін Израиль мен Ливан 26 қараша күні АҚШ-тың басшылығымен 13 айға созылған шекаралық қақтығысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдаған болатын. Айта кетейік қыркүйек айында қақтығыс кең ауқымды соғысқа ұласқан еді.
АҚШ президенті Джо Байден атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеген.
“Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4-те шекарадағы соғыс қимылдары аяқталады", – деді Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Келісімнің шарттары қандай?
Ливан мен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келісім бірнеше шарттарды қамтыды.
Бірінші кезекте 27 қарашада сағат 04:00-ден бастап екі жақ та соғыс қимылдарын тоқтатуға міндеттеледі. Ливан Хезболла мен басқа қарулы топтардың Израильге қарсы әрекет етуіне жол бермеуге міндеттеледі, ал Израиль Ливанға қарсы шабуылдардан бас тартуға міндетті.
Келісім бойынша Ливан әскері Израильмен шекаралас аймақтарды бақылауды қалпына келтіруі және Хезболланың Израиль-Ливан шекарасынан шамамен 40 шақырым шегінуі керек.
Израиль екі елдің бейбіт тұрғындарының елге аман-есен оралуына мүмкіндік беру үшін алдағы 60 күн ішінде Ливаннан әскерлерін біртіндеп шығара бастайды.
Келісім шартқа сәйкес, Ливан БҰҰ-ның бітімгершілік күштерімен бірге Литани өзенінің оңтүстігіндегі Хезболла қозғалысын қатаң бақылауға алады.
Ливан қарулы күштері БҰҰ күштерінің қолдауымен елдің оңтүстік бөлігінде позицияларды алады. Ливандағы қару өндіру, импорттау және сақтау саласы мемлекет тарапынан реттеледі. Ливан барлық рұқсат етілмеген әскери қондырғыларды бөлшектейді және заңсыз қаруларды тәркілейді.
АҚШ пен Франция Ливанның әскери әлеуетін нығайтуға, соның ішінде Ливанның оңтүстігіне 10 000 әскер жіберуге көмектеседі. АҚШ, Франция және БҰҰ Ливан күштеріне инфрақұрылымды тексеруге және бөлшектеуге көмектесу арқылы талаптардың сақталуын бақылайды.
Келісім тұрақтылықты, қауіпсіздікті және бейбіт тұрғындарды үйлеріне қайтаруды, сондай-ақ Ливанның экономикасын қалпына келтіруді ілгерілетуге бағытталған.
Америка Құрама Штаттары одақтастарының қолдауымен осы келісімдердің толық орындалуын қамтамасыз ету үшін Израиль және Ливанмен жұмыс істеуге дайын, деді Байден.
Ол "Хезболла немесе басқа біреу келісімді бұзып, Израильге тікелей қауіп төндірсе, Израиль халықаралық құқыққа сәйкес өзін-өзі қорғау құқығын сақтайтынын" баса айтты.
Тараптар келісімді қалай қабылдады?
Израильдің қауіпсіздік істері жөніндегі министрлер кабинеті сейсенбі күні Хезболламен бітімге келу жоспарын бекітті.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бітімнің ұзақтығы Ливанда болып жатқан жағдайға байланысты болатынын айтқан. Ал Хезболла тағы да Израильге шабуыл жасаса Израиль жауап беретінін ескертті.
Ливан премьер-министрінің міндетін атқарушы Наджиб Микати Байденге атысты тоқтатуға қол жеткізуге көмектескені үшін алғыс білдірді.
"Мен президент Джо Байденмен телефон арқылы сөйлестім. Әңгіме барысында біз ағымдағы жағдайды талқыладық, мен оған АҚШ-тың Ливанға көрсеткен қолдауы және арнайы елші Хокштейн мырзаның күш-жігері үшін алғыс айттым және біз шешімді құптадық. Ливандағы атыс АҚШ пен Францияның қатысуымен тоқтатылды", – деп жазды Микати әлеуметтік желідегі парақшасында.
Хезболла Израильдің атысты тоқтату туралы ұстанымын мұқият зерделеуге ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай тексеру Израиль тарапы Хезболланы алдауға тырыспағанына көз жеткізу үшін қажет.
"Біз Ливан билігі ертең құжатқа қол қоймас бұрын Нетаньяху келіскен тармақтарды зерттеуіміз керек. Біз, әрине, Израиль агрессиясының тоқтағанын қалаймыз. Бірақ еліміздің егемендігімізге нұқсан келмеуі керек", – деді Хезболланың мүшесі Махмуд Камати.
Әлем соғыс қимылдарын тоқтату туралы шешімді қолдады
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйым Израиль мен Ливандағы Хезболла қозғалысы арасындағы атысты тоқтату келісімін қолдайтынын мәлімдеді.
"Бас хатшы тараптарды осы келісім бойынша барлық міндеттемелерін толығымен құрметтеуге және тез арада орындауға шақырады", – деді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс та атысты тоқтату келісімін қолдады.
"Біз атысты тоқтату туралы келісім дереу орындалады және Ливандағы тұрақты бейбітшілікке, сондай-ақ Газада және бүкіл аймақта бейбітшілік орнатуға бағытталған шұғыл шараларға бастамашы болады деп үміттенеміз", – деді ДДСҰ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен Израиль мен Хезболла арасындағы атысты тоқтату туралы келісім екі жақтың бейбіт тұрғындарының жағдайын жеңілдетеді деп үміттенетінін білдірді.
"Израиль мен Хезболла арасында жарияланған атысты тоқтату, ең алдымен, шайқастардан зардап шеккен ливандық және израильдік тұрғындар үшін өте қуанышты жаңалық", – деп жазды Еурокомиссия басшысы әлеуметтік желіде.
Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелл өз кезегінде қазір Ливан мен Израиль азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ел ішінде қоныс аударғандардың үйлеріне оралуы үшін атыстың тоқтатылуы маңызды екенін айтты.

stan.kz