Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлеріне шабуылдап, 15 сарбаз жарақат алды

Израиль БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлеріне шабуылдап, 15 сарбаз жарақат алды

Израиль армиясы Ливан базасына кіріп, салдарынан БҰҰ-ның кем дегенде 15 бітімгері жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштерінің өкілдері Израиль әскерлері олардың позицияларына басып кіріп, базаның негізгі қақпасын танкпен қиратып өткенін мәлімдеді. Салдарынан кемінде 15 сарбаз жеңіл жарақат алған.

"Біз Израильге және басқа елдерге БҰҰ-ның қызметкерлері мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және БҰҰ үй-жайларын әрқашан құрметтеу міндетін еске саламыз", – делінген хабарламада.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштен бітімгершілік күштерді дереу шығаруды сұраған.

Израиль Ливанның оңтүстігінде Хезболлаға қарсы науқанын күшейтіп жатыр. БҰҰ-ның 10 000 адамнан тұратын бітімгершілік күштері шабуылға ұшырап жатыр. Кейінгі күндердегі ұрыс кезінде БҰҰ-ның кем дегенде бес бітімгері жараланды.

Бір күн бұрын Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Набатия қаласының ескі базарына әуеден соққы берді. Мешіт пен басқа да ғимараттар зардап шекті, бірақ қаза тапқандар жоқ.

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сенбіде оннан астам адам қаза тауып, ауруханалар зақымданған. Былтыр Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың жалпы саны – 2255 адам. 10 мыңнан астам адам жараланған.

Ақпарат көзі: stan.kz
Сурет: ашық дереккөз 
14 қазан 2024 ж. 165 0