Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ: Ливандағы бітімгерлер қызметін жалғастырады

БҰҰ: Ливандағы бітімгерлер қызметін жалғастырады

Ливанның оңтүстігінде орналасқан Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгерлері қызметін жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Израиль олардың кетуін өтінген болатын. Бірақ бітімгерлер күштерінің басшысы Жан Пьер Лакруа: "Біз міндетімізді орындамай қайтпаймыз",- деді.

Бітімгерлердің негізгі миссиясы - екі елмен байланыста болу, бейбіт тұрғындарды қорғау, гуманитарлық көмектің қауіпсіз жеткізілуін қадағалау. Қазір Ливан мен Израиль арасындағы шекарада 50 елден келген 10 мыңнан астам әскер, 800-ге жуық маман қызметін өтеп жатыр.

Сурет: 24.kz
04 қазан 2024 ж. 111 0