Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дания мен Швециядағы Израиль елшіліктерінің жанында жарылыс болды

Дания мен Швециядағы Израиль елшіліктерінің жанында жарылыс болды

Дания полициясы Копенгагендегі Израиль елшілігі маңындағы жарылысқа қатысты тергеуді бастады. Швеция полициясы бір күн бұрын Стокгольмдегі Израиль елшілігінің жанында атыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды DW.Израильдің Даниядағы елшілігі дипломатиялық өкілдік ғимаратының жанында болған екі жарылыстан қызметкерлері зардап шекпегенін хабарлады.

«Елшілік жабық болды, ешбір қызметкер зардап шекпеді, ғимаратқа зақым келген жоқ», - делінген X әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Бұған дейін даниялық DR телеарнасы 2 қазанға қараған түні елшілік маңында екі жарылыс болғанын хабарлаған.

Сол күні швед полициясы бір күн бұрын Стокгольмдегі Израиль елшілігінің жанында атыс болғанын растады, деп хабарлады SVT телеарнасы.

«Атыс болғанын растайтын қорытынды шығарылды», - деді Стокгольм полициясының өкілі Ребекка Ландберг.

Айтуынша, бұл бақылау камералары бар жақсы қорғалған аймақ және мұнда қарап шығуға болатын материал бар.

Бұған дейін швед ақпарат құралдары 1 қазан күні кешке Страндвеген көшесіндегі Израиль елшілігінің жанында қатты жарылыс болғанын хабарлаған. «Қару қолданған және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауыр қылмыс» бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып барады.

Бұған дейін хабарланғандай, Израиль Иранның 1 қазанда жаппай зымыранмен жасаған шабуылына жауап қайтаруы мүмкін. Шабуыл Иран аумағындағы мұнай өндіру объектілеріне, әуе қорғаныс жүйесіне және басқа да стратегиялық объектілерге бағытталады деп болжанып отыр.

Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелері жұмысын тоқтатты.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
03 қазан 2024 ж. 184 0