Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иордания мен Израиль әуе кеңістігін ашты

Иордания мен Израиль әуе кеңістігін ашты

Израиль жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-дан бастап әуе кеңістігін ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC жазды.

Израильдің әуе кеңістігі жеті сағат бойы жабық болды. Ол Иран ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандардың шабуылын жасай бастағаннан кейін жабылған.

Иордания мемлекеттік телеарнасы да елдің сенбі күні түнде жабылған әуе кеңістігін ашып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Air Astana тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Дубайға рейстің кешігетінін хабарлаған болатын.

Ресей авиациясы да ресейлік әуе компанияларына Ирак, Иордания және Израильдің әуе кеңістігін пайдалануға, сондай-ақ осы елдерге ұшуға тыйым салды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
14 сәуір 2024 ж. 425 0