Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер қойылады

Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 9 маусымнан 04.00-ден 24.00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Бұл ҚР ИИДМ, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігінің келісілген шешімі екенін хабарлаймыз, деп жазды Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі ресми парақшасында.

"Шектеулер жер бетінен 500 метрге дейінгі биіктікке қолданылады. Осыған байланысты аталған елді мекендер бойынша белгіленген мерзімде ұшуға рұқсат берілмейді. Бұл шектеулер Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының қызметіне және жоспарлы рейстерді жүзеге асыруға әсер етпейді.
Шектеулі ұшу аймағында (ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған жағдайда ) рұқсат етілмеген аппаратты қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады (Әкімшілік кодексінің 563-бабы). 
Ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі ҚР ИИДМ сайтында жарияланған", - делінген таратылған ақпаратта.
https://baq.kz/
06 маусым 2019 ж. 855 0