Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕО әуе компанияларына қазан айының соңына дейін Ливан мен Израильдің үстінен ұшпауға кеңес берді

ЕО әуе компанияларына қазан айының соңына дейін Ливан мен Израильдің үстінен ұшпауға кеңес берді

Еуропа авиациялық қауіпсіздік агенттігі аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты әуе компанияларын бір ай бойы Ливан мен Израильдің үстінен ұшудан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Euronews.

Еуропалық Одақ әуе шабуылдары мен зымырандық шабуылдардың көбеюіне байланысты әуе компанияларына келесі ай соңына дейін (31 қазанға дейін) Ливан мен Израильдің әуе кеңістігінен аулақ болуға кеңес берді.

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі мәлімдемесінде агенттік пен Еурокомиссияның Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстың соңғы уақытта өршуін ескере отырып, Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап, оның азаматтық авиацияға әсерін бағалайтынын айтты.

Сенбі күні Израиль Бейруттағы әуе диспетчерлеріне ұшақ қонған жағдайда «күш қолданады» деп ескерткен соң, Ливанның көлік министрлігі ирандық ұшақтың елдің әуе кеңістігіне кіруіне тыйым салды.

Венгрияның Wizz Air әуе компаниясы сенбі күні Израильге 48 сағатқа барлық рейстерді тоқтатқанын хабарлады.

Бірнеше ірі еуропалық әуе компаниялары, соның ішінде Air France, Lufthansa және British Airways Тель-Авив пен Бейрутқа рейстерді тоқтатқанын хабарлады.

Еске салайық, Израильдің елге жаппай әуе шабуылдары мен Ливанның әскерилендірілген «Хезболла» тобының жауап соққыларынан кейін аймақтағы шиеленіс күшейіп жатқандықтан, әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан да өз азаматтарын Ливаннан эвакуациялауды ұсынып отыр.

Бұған дейін Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

«Хезболла» өз жетекшісі Хасан Насралланың қаза болғанын растады.

Израильдің Бейрутке жасаған шабуылынан Хасан Насралламен қатар ИРСК басшысы қаза болды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
29 қыркүйек 2024 ж. 183 0