Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасап, төрт адам көз жұмды

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасап, төрт адам көз жұмды

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.
Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады.
Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.
Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 
24 қараша 2024 ж. 233 0