Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда таудағы көл жарылып, 180 адам эвакуацияланды

Қырғызстанда таудағы көл жарылып, 180 адам эвакуацияланды

Қырғызстанның Шу облысындағы Есік-Ата ауданында орналасқан Тақыр-Тор тау көлі жарылып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 180 адам, оның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған интернаттың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Министрлік басшысы, генерал-майор Бобек Әжікеевтің тікелей тапсырмасы және жеке бақылауымен Алмалуу, Тау Серафимовкасы және Төменгі Серафимовка ауылдарында эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде.

Оқиға орнында ТЖМ жанындағы мониторинг және болжау департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Көлдің қазіргі жағдайы дрон арқылы бақылануда, су деңгейін бақылау және ықтимал қауіптерді болжау бағытында шаралар қолға алынған. Сонымен қатар, арнайы техника жұмылдырылып, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайындық күшейтілді.

Фото: baq.kz
27 маусым 2025 ж. 42 0