Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда бір күнде бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Түркияда бір күнде бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Түркияда бір күнде бірнеше жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері Cтамбулдың батыс бөлігінде қатты сезілген.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың ең жоғарғы магнитудасы 4,2 баллға жеткен. Жер сілкінісі Бурса қаласынан (халқы – 1,4 миллион) 32 шақырым солтүстікте және Гемлик қаласынан (халқы – 71 мың) 5 шақырым солтүстік-шығыста болған.

Сонымен қатар дүмпулер Түркияның басқа өңірлерінде де байқалған.

Атап айтқанда, Анталья, Денизли, Трабзон, Байбурт, Балыкесир, Бандырма, Кахраманмараш, Экиназю, Малатья, Элязыг, Ушак, Симав елді мекендерінде жер сілкінісі тіркелді.

Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы мәлімет жоқ.

Фото: baq.kz
03 шілде 2025 ж. 69 0