Сербияда бір күнде 620 табиғи өрт тіркелді

Төтенше жағдайлар салдарынан алты адам зардап шекті, олардың екеуі – өрт сөндірушілер, төртеуі – жергілікті тұрғындар.
Өртті сөндіруге ІІМ Төтенше жағдайлар секторының барлық қолда бар адам ресурстары, техникасы мен тікұшақтары жұмылдырылған.
Ведомство өрттің жиілеуіне адам факторы себеп екенін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, аса мұқият және жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.
Фото: baq.kz