Францияда 6,4 млн адамның деректері ұрланды

Bouygues Telecom кибершабуылдың құрбаны болды, салдарынан 6,4 млн клиенттік аккаунттың кейбір деректеріне рұқсатсыз қол жеткізілген, - деп мәлімдеді оператор.
Компания оқиға туралы Францияның Ақпараттық технологиялар және азаматтық бостандықтар жөніндегі ұлттық комиссиясына (CNIL) хабарлап, сот органдарына ресми шағым түсіргенін растады.
Қазіргі уақытта шабуылдың нақты себептері мен киберқылмыскерлердің кім екені анықталуда.
Фото: baq.kz