Ресейде жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты
Тверь облысында Embraer бизнес-джет ұшағы апатқа ұшырап, борттағылардың бәрі қаза тапты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Бортта үш ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Олардың барлығы қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Оқиға Куженкино ауылының маңында болған.
Төтенше жағдайлар қызметі ТАСС агенттігіне төрт адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Сондай-ақ ұшақ жерге соғылғанда жанып кеткенін, оның ұшқанына жарты сағаттан аз уақыт болғаны айтылды.
Бологовск ауданының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
«Жол апаты М-10 тас жолынан алыс емес жерде, Куженкино ауылындағы қараусыз қалған фермадан екі шақырым жерде болды», - деп қосты агенттіктен.
Әуе көлігі федералдық агенттігі апатқа қатысты тергеуді бастады.