Австрияда алғаш рет гендерлік бейтарап паспорт берілді
Австрия билігі алғаш рет шетелдік паспортта жынысы ретінде "ер" не "әйел" орнына "X" белгісі қойылған гендерлік бейтарап құжат берді. Бұл туралы OE24 телеарнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжатты Германияда тұратын азамат алған. 2024 жылдан бастап Германияда гендерлік өзін-өзі анықтау туралы заң күшіне енген, ол жыныс бағанына divers ("өзге" немесе небинарлы) деп жазуға мүмкіндік береді.
2024 жылдың қазан айында Еуроодақ соты бір елде тіркелген гендерлік өзгерістер ЕО-ның басқа елдерінде де мойындалуы тиіс деген шешім шығарған. Осыған байланысты, Австрияда небинарлықты ресми түрде танитын заң болмаса да, Венада азаматқа еуропалық стандартқа сай паспорт берілді.
Басылым мәліметінше, бастапқыда Австрия өтінішті қабылдамаған. Алайда өтініш беруші құжаттарды қайта жіберіп, өзінің қызық жағдайын түсіндірген. Өйткені ол шекарадан өткен сайын, заң жүзінде жыныстық статусы өзгеріп отырған.
Айта кетейік, Австрияда тұрақты тұратын азаматтар әзірге «небинарлы» деген белгі қойылған паспорт ала алмайды.
Фото: baq.kz