Тәжікстан халқына «Шаһнаманың» жаңа басылымы тегін таратылады

Әр отбасына әрқайсысы 1200 беттен тұратын екі томдық кітап беріледі.
Тәжікстан Мәдениет министрлігінің баспалапр бөлімі «Шаһнама» дастаны 2026 жылға дейін жеткілікті таралыммен басылып, барлық облыс тұрғындарына таратылатынын хабарлады.
«Шаһнама» Тәжікстан президентінің резервтік қоры есебінен шығарылып жатқаны атап өтілді.
Кітаптың алғысөзінде айтылғандай, оны Эмомали Рахмон мемлекет тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұсынған.
«Шаһнама» кітабын басып шығарып, ел тұрғындарына тегін тарату туралы бұйрықты Тәжікстан президенті 2023 жылы желтоқсанда академик Бабажан Ғафуровтың туғанына 115 жыл толуына арналған халықаралық симпозиумда берген.
Тәжік поэзиясының классигі Әбілқасым Фирдауси өзінің «Шаһнама» эпикалық дастанын 30 жылдан астам уақыт ішінде жазған. Бұл шығарма әлем әдебиетіндегі ең ұлы дастандардың бірі саналады.
Редакциядан: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасады. Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем-Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем-Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz