Әлемдегі ең биік көпір ашылады

Қытайда жексенбі күні көліктер жүретін ең биік Huajiang Grand Canyon Bridge көпірі ашылады.
Көпір Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан. Оның жалпы ұзындығы 2890 метрді құрайды, негізгі аралығы – 1420 метр, ал судан биіктігі 625 метрге жетеді.
Бұл көпір әлемдегі таулы жерлердегі ең ұзын және ең биік көпірге айналып отыр.
Көпірдің құрылысы 2022 жылдың басында басталған. Содан бері инженерлер табиғи кедергі – Хуацзян Гранд-Каньонын еңсеруге қол жеткізген. BeiDou спутниктік навигациялық жүйесі, дрондар, BIM-моделі, арнайы бақылау, супермықты материалдар және инновациялық технологиялар арқылы команда каньонның түбінен жүздеген метр биіктікте жұмыс істей отырып миллиметрлік дәлдікке қол жеткізді. Көпір пайдалануға берілген соң каньон арқылы жол жүру уақыты екі сағаттан небәрі екі минутқа қысқарады, бұл өңірдің көлік байланысын едәуір жақсартады, - деп жазылған хабарламада.
Фото: baq.kz