Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда 42 қабаттық екі мұнарасы бар көпір салынады

Нұр-Сұлтанда 42 қабаттық екі мұнарасы бар көпір салынады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінде 42 қабаттық қос мұнарасы бар алып көпір салынбақ. Triathlon Towers атты жоба – тұрғын үй кешені орналасқан ірі құрылыс, деп мәлімет берді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы. Жаңа көпір Триатлон саябағы мен "Жетісу" саябағының арасын жалғайды. Жобаның авторы – BENOY LTD компаниясына тиесілі Лондон сәулет бюросы. "Triathlon Towers биіктігі – 42 қабат. Бұл – пәтерлер, қонақүй, кеңселер мен көлік тұрағы бар көпфункциялы тұрғын үй кешені. Қала құрылысы кеңесінде жоба жөнінде алдын ала келісім жасалды", - делінген хабарламада. Сәулет басқармасы атап өткендей, көпір өзеннің екі жағасын "жаяу жүргіншілер, көлік және велосипед жолдары арқылы байланыстырып, Есіл өзені жағасындағы жаңа су вокзалына айналады". Бұдан бұрын Урбанистика орталығы хабарлағандай, елордада жаңа көпірлер салу жоспарланған.
https://massaget.kz


17 маусым 2019 ж. 892 0