Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқар Мамин елордадағы ірі көлік жобаларының құрылысымен танысты

Асқар Мамин елордадағы ірі көлік жобаларының құрылысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елорданы жұмыс барысымен аралады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. Онда Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік-Батыс жаңа айналма автомагистралінің және ЖРТ желісінің құрылысын тексерді. Аталған жобалар елорданың орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске асырылып жатыр. «Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы» жаңа автомагистралі елорданы дамытудың бас жоспарында қарастырылған К-1 айналма жолының бөлігіне айналады, ол ұзындығы 87 шақырым болатын қала маңындағы айналма жолды тұйықтайды. Айналып өтетін трассаның жалпы ұзындығы 3 көпір мен 4 көлік жобасын қоса алғанда 34 шақырымды құрайды. Бұл қала арқылы транзитпен, елорданы айналып өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жүк автокөлігін қала сыртына шығарады, елордадағы көлік ағынын азайтуға жол ашады. Айналма трассалар бойынша қазіргі ағын 50%-ға оңтүстік-батыс айналма жолына өтуі мүмкін екені болжанған. Жол бойында логистикалық орталықтар мен жол бойы сервисінің нысандары салынады.
https://24.kz
27 мамыр 2019 ж. 777 0