Ганг өзенінің жағдайы өте ауыр

Нәтижелер 1991-2020 жылдар аралығында Ганг өзенінің құрғауының рекордтық ең қарқынды кезеңі болғанын көрсетті. Бұл құрғақшылық 16 ғасырда тіркелген алдыңғы шыңнан 76% артық болды. Қуаңшылық кезеңдердің жиілігі мен ұзақтығының ұлғаюымен қатар өзен тереңдігінің жалпы төмендеуі байқалды.
Жазғы муссондардың әлсіреуі өзеннің тайыздануының басты себебі деп есептелінеді. Бұл құбылыс Үнді мұхиты температурасының көтерілуінен және атмосфераның аэрозольдық ластануынан, адам әрекетімен байланысты факторлардан туындайды. Өнеркәсіптік қондырғылар, электр станциялары және көлік құралдары шығаратын микроскопиялық бөлшектер мен тамшылар болып табылатын аэрозольдер жауын-шашынға кедергі келтіруі мүмкін.
Зерттеушілер қазіргі құрғақшылық өткен мыңжылдықта байқалған табиғи климаттық ауытқулардан жоғары екенін атап көрсетеді. Олар су тапшылығының ықтимал әсерін азайту үшін су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және енгізуге шақырады.
Фото: baq.kz