Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстандық мамандар ФИФА-да жоғарғы лауазымға тағайындалды

Өзбекстандық мамандар ФИФА-да жоғарғы лауазымға тағайындалды

Өзбекстандық футбол мамандары ФИФА-ның басшылық лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Атап айтқанда, Равшан Ирматов FIFA-ның Технологиялар, инновациялар және цифрлық трансформация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне бекітілді.

Сондай-ақ Өзбекстан футбол қауымдастығының бас хатшысы Аваз Максумов жағажай футболы жөніндегі комитет құрамына енсе, әйелдер футболын дамыту бөлімінің басшысы Юлия Панина әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы жарыстар комитетінің мүшесі атанды.

Бұл тағайындаулар Өзбекстан мен FIFA арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Сонымен қатар тарихта алғаш рет өзбекстандық мамандар FIFA-ның ресми комитеттеріне мүше болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан 2024 жылы футзалдан әлем чемпионатын табысты өткізген еді. Алдағы 2027 жылы жастар арасындағы әлем чемпионаты да осы елде өтеді. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Фото: ​stan.kz​​​
13 қазан 2025 ж. 55 0