FIFA Қазақстанға 1,5 млн доллар көмек бермек

ФИФА атқарушы комитетінің бюросы 1,5 миллиард доллар көлемінде жиынтық төлемді мақұлдаған. Тағы 210 федерациясы сияқты, Қазақстан да 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады.
Сондай-ақ, бөлінген сома індет салдарын жоюға жетіспей қалған федерацияларға 5 миллион долларға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі.
Айта кетсек, қазақстандық премьер-лига ойындары әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты әзірге тоқтатылды.