Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды

Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды

"Ювентус" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 1 миллиард доллардан астам табыс тапқан алғашқы футболшы атанды. Бұл туралы forbes хабарлады.
35 жастағы Роналду мансабында 1 миллиард доллардан астам табыс тапқан тарихтағы үшінші спортшы. Бұған дейін гольфшы Тайгер Вудс пен боксшы Флойд Мейвезер осындай рекорд жасаған еді.
17 жылдық мансабында Роналду "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарында ойнап, 650 миллион доллар табыс тапқан. Қалған табысы демеушілермен жасалған келісімшарттардан түскен.
Корольсіз тақ немесе Корольдік клуб атына сай болмай тұр. Америкалық Nike компаниясымен келісімшарт бойынша Роналду жылына 20 миллион доллар алады. Ол компаниямен мәңгілік келісімшартқа 2016 жылы қол қойды. Сонымен бірге ойыншы Clear, Herbalife және Abbott-пен жұмыс істейді.
Роналду былтыр 105 миллион доллар табыс тапқан. Ол Forbes журналының ең көп табыс тапқан танымал адамдар рейтингінде модель Кайли Дженнерден (590 миллион доллар), рэпер және дизайнер Канье Уэсттен (170 миллион доллар) және теннисші Роджер Федерерден (106,3 миллион доллар) кейін төртінші орында болған.
09 маусым 2020 ж. 606 0