Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ким Чен Ынның "біртүрлі" қылықтары: Нәжісінің өзін қызғыштай қорғайды (видео)

Ким Чен Ынның "біртүрлі" қылықтары: Нәжісінің өзін қызғыштай қорғайды (видео)

Ким Чен Ын мен Путиннің келіссөздері Владивосток қаласында аяқталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Келіссөз жүргізу барысында ресейлік БАҚ Солтүстік Корея басшының біртүрлі қылықтарын жазып, талқылап жатыр. 
Ким Чен Ын тек қана өзінің лимузинімен ғана жүреді, тіпті әжетханаға да бармайды себебі лимузиннің ішінде биологиялық әжетхана бар екен. Сондай-ақ қатал басшы өзінің стилін қайталауға да тыйым салған көрінеді.
Әлемдік және ресейлік БАҚ өкілдері Владивосток қаласында қызықты жайттың куәсі болды. Ким Чен Ынның күзетшілері кездесуден бұрын Ким Чен Ынның орындығын  майлықпен сүрткен. Видеоны түсірген автор майлықтың спиртке шыланғанын және күзетшілер дизинфекция жасағанын айтқан.
Сондай-ақ 2015 жылы Ким Чен Ын Солтүстік Корея шенеуніктеріне өзінің стилін қайталауға тыйым салған болатын. Бұл заң шықпай тұрып Солтүстік Корея тұрғындары көшбасшының стиліне қызығушылық танытып, сондай стилде киінген еді.
Солтүстік Кореяның басшысы шетелге іссапармен көп шыға бермейді. Тіпті шыққан күннің өзінде өзінің жеке транспортымен жүреді. Ресейге сапары барысында да Ким Чен Ын өзінің жеке лимузинімен жүрген. Оның жеке лимузинін алдырудың өзі оңай болмаған. Владивосток қаласының темір жолында Солтүстік Корея басшының лимузині сыймаған соң, 20 сантиметрлік қабырғаны алып тастауға тура келді.
Ал ғажап көліктің ішінде биологиялық әжетхана бар. Бұл не үшін? Бұл да қауіпсіздіктің белгісі. Ким Чен Ын нәжісінің өзін қарсыласынан қызғыштай қорғайды. Ким Чен Ынның қарсыластары оның нәжісі арқылы оның қандай аурумен ауыратынын, денсаулығы қандай екенін біліп қоюы мүмкін. Сол себепті Солтүстік Корея басшысы кез келген қауіптің алдын алады. Тіпті солтүстік кореялықтар Ким Чен Ынның әжетханаға мүлдем бармайтынына имандай сенеді екен.

Солтүстік Корея басшының жан-жағында торуылдап жүрген күзетшілерге қатаң тәртіп қойылатыны белгілі. Бір қызығы, олар физикалық тұрғыдан мықты болуы қажет және де бойлары Ким Чен Ыннан ұзын болмауы шарт. Ал Солтүстік Корея басшының бойы шамамен 163 см екен.
Аударған: Әсел Болатқызы
www.qamshy.kz
26 сәуір 2019 ж. 1 267 0