Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүние жүзінде алғашқы мемлекет темекіге түбегейлі тыйым салды

Дүние жүзінде алғашқы мемлекет темекіге түбегейлі тыйым салды

Мальдив елі 2007 жылдың қаңтарынан кейін туған барлық адамдарға арналған темекі шегуге тыйымды кезең-кезеңімен енгізе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, Мальдивтар болашақ ұрпақ үшін өмір бойы темекі шегуге тыйым салған әлемдегі алғашқы мемлекет атанды.

    Президент Мохамед Муиззудың бастамасы 1 қарашадан бастап күшіне енді. Жаңа ережелерге сәйкес, 2007 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін туған азаматтар мен туристерге темекі өнімдерін сатып алуға, пайдалануға және сатуға толық тыйым салынады. Тыйым барлық темекі түрлерін қамтиды, ал сатушылар сатып алушылардың жасын тексеруге міндетті, деп жазады The Guardian.

Бұған қоса, Мальдивтарда жасына қарамастан барлық азаматтар мен туристер үшін электронды темекі мен вейпті әкелуге, сатуға және қолдануға да толық тыйым салынған. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқан кәсіпкерлерге 50 мың руфия (шамамен 3,2 мың доллар) көлемінде айыппұл салынады. Ал вейп қолданғандарға 5 мың руфия (шамамен 320 доллар) айыппұл қарастырылған.

Осыған ұқсас "Темекісіз ұрпақ" туралы заңды Ұлыбритания да қарастырып жатыр. Ал бұл бастаманы алғаш қабылдаған Жаңа Зеландия 2023 жылы аталған заңды қайта күшін жойған еді.

Фото: ашық дереккөзден алынды
01 қараша 2025 ж. 70 0