Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вьетнам 2026 жылға арналған ең үздік туристік бағыт деп танылды

Вьетнам 2026 жылға арналған ең үздік туристік бағыт деп танылды

KAZINFORM — Францияның Vogue журналының мәліметінше, Вьетнам 2026 жылға қарай Азиядағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды вьетнамдық VNA ақпарат агенттігі.

Бұған елдің көз тартар табиғи ландшафттары, бай мәдени мұрасы және қарқынды дамып келе жатқан заманауи қалаларының үйлесімі әсер еткен.

«Куангнинь провинциясындағы әйгілі Халонг шығанағы мен Ниньбинь провинциясы Вьетнамның табиғи сұлулығын айшықтайды. Ал Хюэ қаласындағы тарихи орындар, Куангчи провинциясындағы Фонгня үңгірлері, Лаокай провинциясындағы Сапа таулары, сондай-ақ Анзянг провинциясындағы Фукуок аралы мен Хошимин қаласындағы Кондао аралдары мәдениетке, табиғатқа және демалысқа қызығатын туристерді өзіне тартып отыр», деп жазды VNA.

Мәдени мұұралар, табиғат, заманауи қалалық өмір мен уақыт өткен сайын дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымның үйлесімді ұштасуының арқасында Vogue Вьетнамды 2026 жылы шынайы, экологиялық таза әрі ұмытылмас әсер іздейтін саяхатшыларға арналған ең үздік бағыттардың қатарына қосты.

Фото: VNA
31 желтоқсан 2025 ж. 27 0