Вьетнамды қауіпті тайфун күтіп тұр

Синоптиктердің мәліметінше, дауыл кезіндегі желдің жылдамдығы қазірдің өзінде 166 км/сағ-қа жеткен, ал бүгін бұдан да күшейе түсуі мүмкін. Эвакуация туралы бұйрық Тханьхоа, Куангчи, Хюэ және Дананг орталық провинцияларына ескертілген. Аймақта әуе рейстері тоқтатылып, барлық кеме қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар, теңізде 2-4 метрлік толқындар күтілуде.
Билік дауыл бағытына іліккен аймақ тұрғындарын жексенбі күні сағат 20:00-ден (жергілікті уақытпен) кейін көшеге шықпауға шақырды. Құтқару жұмыстарына әскери күштер тартылып жатыр.
Қазіргі жағдай өте қауіпті. Туристік немесе балық аулау кемелері, сондай-ақ акваөсіру нысандары үшін қатерлі, – деді Вьетнам Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта министрлігі.
Vietnam Airlines әуе компаниясы жексенбі және дүйсенбі күндері орталық қалаларға қатынайтын 22 рейсті тоқтатқан.
Мамандар бұл тайфун өткен жылдың қыркүйегінде аймаққа соққан «Яги» дауылындай қауіпті болуы мүмкін деп отыр. Ол кезде бүкіл өңірде жүздеген адам қаза тауып, олардың 300-і Вьетнамда тіркелген еді.
Фото: baq.kz