Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда цунами 20 кемені аударып кетті

Жапонияда цунами 20 кемені аударып кетті

Жапонияның батысындағы Токусима және Коти префектураларының кемежайларында цунамиден кем дегенде 20 кемеге зақым келді. Бұл туралы жексенбі күні NHK телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Телеарнаның хабарлауынша, кемелер аударылып, алып толқындар мұқитқа ағызып алып кеткен. Бұдан бұрын 10 кемеге зақым келгені туралы хабарланған болатын. Жексенбі күні Тынық мұхит жағалауы аудандарында тұрып жатқан жапондықтар жергілікті биліктен цунами қаупіне байланысты эвакуация туралы бұйрық алды.
Бұдан бөлек, ол аумақтан ұшып-қонатын 27 ішкі әуе рейсі тоқтатылды. Жапонияның Ұлттық метеорологиялық қызметі 15-інен 16-сына қараған түні Тонга Корольдігінде су астындағы Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылауымен байланысты цунами қаупі туралы хабар берген. Жапония жағалауларында 1,2 метр биік толқындар тіркеліп, биіктігі үш метрге жететін цунами қаупі туралы ескерту.
17 қаңтар 2022 ж. 511 0