Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Марадона: "Аргентинаны Тонга құрамасы да ұтып кетеді"

Марадона: "Аргентинаны Тонга құрамасы да ұтып кетеді"

Әйгілі футболшы Диего Марадона өз елінің ұлттық құрамасын сынға алды. "Америка кубогы" жарысындағы алғашқы ойыннан кейін оның командадан көңілі қалғанға ұқсайды. - Білесіздер ме, бізді Тонго құрамасы да ұтып кетуі мүмкін. Біз құрған команданың рухы биік еді. Аргентина құрамасының жейдесін кию деген... Оны сөзбен жеткізу қиын. Оны анаңдай жақсы көруің керек, - дейді Марадона өз сұқбатында. Айта кетейік, Аргентина құрамасы "В" тобындағы алғашқы ойында Колумбияға 2:0 есебімен есе жіберген болатын. Келесі ойынын 20 маусым күні Парагвайға қарсы өткізеді. Тонга корольдігі – Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Халқының саны - 103 252 адам. FIFA рейтингінде бұл құрама 206-орында.
https://massaget.kz

17 маусым 2019 ж. 952 0