Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Марадона бас бапкер қызметінен кетті

Марадона бас бапкер қызметінен кетті

Аргентинаның даңқты футболшысы Диего Марадона мексикалық «Дорадос» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Спортшы денсаулығының нашарлауына байланысты клубтағы жұмысын тоқтатқан. Ақпаратты Марадонаның адвокаты Матиас Морла Twitter желісінде жеткізді. "Диего Марадона "Дорадос" бас бапкері ретінде жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дәрігерлер оған денсаулығына көңіл бөлуге кеңес берді. Ол иығына және тізесіне екі реттен ота жасатады", - деп хабарлады адвокат. Марадона мексикалық клубқа 2018-2019 маусымда жетекшілік етті. Ол – ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. 1986 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасының сапында жеңімпаз атанды. Аргентинаның "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс" және "Ньюэллс Олд Бойз", испаниялық "Барселона", "Севилья", италиялық "Наполи" командаларында доп тепті. Ол спорттық мансабында 687 рет алаңға шығып, 363 гол салған.
https://massaget.kz
14 маусым 2019 ж. 871 0