Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Марадона миллиондаған қарызы үшін әуежайда тұтқындалды

Марадона миллиондаған қарызы үшін әуежайда тұтқындалды

Аргентиналық футболдың аңызы Диего Марадонаны полиция қызметкерлері Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындады,  Оған Марадонаның бұрынғы сүйіктісі жазған арыз себеп болды. Росио Олива мен Марадона 6 жыл кездескен. Жұп былтыр желтоқсанда ажырасқан еді.  Енді Олива 58 жастағы экс-футболшыдан 5 миллион фунт стерлинг көлемінде "материалдық шығын" талап етіп отыр.  Марадона өз еліне Мексикадан келген болатын. Әуежайда құқық қорғаушылар оны тұтқындап, істі сот қарап жатқанын ресми ескертті.  Соттың алғашқы қаралымы 13 маусымға жоспарланған.
23 мамыр 2019 ж. 770 0