Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұл ұшаққа мінбеңіздер": 41 жолаушы қаза болған Мәскеудегі әуежайда қазақстандық кәсіпкер болған

"Бұл ұшаққа мінбеңіздер": 41 жолаушы қаза болған Мәскеудегі әуежайда қазақстандық кәсіпкер болған

Қазақстандық кәсіпкер Бейбіт Әлібеков апат алдында "Шереметьево" әуежайында болған.Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам қаза болған еді. Осыған қатысты Бейбіт Әлібеков пікір жазды. 
Кәсіпкер қазақстандықтарға Superjet ұшағына отырмауға кеңес берді.
"Мен апат болар алдында осы әуежайжа болғам. Бұл ұшаққа мінбіңіздер. Superjet жөндеуде көп тұрады. Алғаш рет Индонезияда ұшқанда да қайғылы жағдай болған еді", - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

stan.kz
08 мамыр 2019 ж. 749 0