Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты

Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты

Непалдың шығысындағы Лукла қаласының әуежайында болған апаттың видеосын PahiloPost басылымы жариялаған. 

Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан болатын. Қазір ұшақ пилоты, технигі мен тікұшақ маңында болған полицейдің көз жұмғаны расталды.
Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.

Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады.

sputniknews.kz
15 сәуір 2019 ж. 320 0