Әлемдегі ең үлкен айсберг алдағы апталарда толығымен жойылуы мүмкін
NASA ғалымдары соңғы онжылдықта өз аумағының жартысынан көбін жоғалтқан Айсберг А23а алдағы күндерде немесе апталарда толығымен жойылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды БЕЛТА. Спутниктік бақылауға сәйкес, мұз массивінің бетінде еріген судың үлкен бассейндері пайда болды, бұл оның құрылымдық әлсіреуін көрсетеді.
— Бұл белгілер A23a айсбергінің бірнеше күн немесе апта ішінде толығымен ыдырауы мүмкін екенін көрсетеді… Оны бүкіл мансабында бақылаған ғалымдар үшін бұл өкінішті және маңызды сәт, — деп атап өтті NASA.
Айсберг A23a 1986 жылы Филчнер мұз айдынынан бөлінген, ол 4170 шаршы шақырымды алып жатыр. Ол соңғы онжылдықда бірте-бірте қысқарып — 2025 жылдың желтоқсанына қарай өзінің бастапқы аумағының 67%-ын жоғалтты. Осылайша, көлемі бойынша D15a айсбергіне жол берді. A23a қазір Оңтүстік Атлантикада, Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында жүзіп жүр.
30 жылдан астам бір жерде тұрған айсберг 2023 жылдың қарашасында қайтадан қозғала бастады. 2024 жылдың көктемінде ол Антарктика түбегі бойымен жылжып, Шотландия теңізіне қарай бет алды. A23a айсбергінің жоғалуы әлемде ең үлкен мұз массасын зерттейтін зерттеушілер үшін маңызды оқиға болады.
Былтыр қыркүйек айында дәл осы айсбергтің ауданы шамамен мың шаршы шақырымға қысқарғаны туралы жаздық.
kaz.inform.kz
Фото: unsplash
https://kaz.inform.kz/news/alemdeg-en-ulken-aysberg-aldagi-aptalarda-toligimen-zhoyilui-mumkn-240d31/










