Meta Аустралияда жарты миллионнан астам аккаунтты бұғаттады
Meta компаниясы 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу туралы заңға сәйкес Facebook пен Instagram-нан 500 мыңнан астам аустралиялық баланың аккаунттарын өшірді, деп хабарлайды Kazinform. ABC хабарлауынша, 4-11 желтоқсан аралығында Instagram-нан 330 мың, Facebook-тен 173 мың және Thread-тан 39 мың пайдаланушы жойылды. Бұған 2025 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енген 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын заң себеп болды.
Америкалық компания пайдаланушылардың жасын растау үшін қолданылатын «жүйесіз» тексеру әдістерін сынға алып, аталған заңнаманың мақсаттарына қатысты сыни ескертулерін қайта қаперге салды.
Өз кезегінде Meta компаниясы Аустралия заңдарын сақтауды жалғастырса да, федералдық үкіметтің өнеркәсіппен басқа әдіспен өзара әрекеттесуін қалайтынын мәлімдеді.
Фото: kaz.inform.kz










