Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Meta Дональд Трампқа 25 млн доллар айыппұл төлейді

Meta Дональд Трампқа 25 млн доллар айыппұл төлейді

Meta компаниясы АҚШ президенті Дональд Трампқа оның 2021 жылы Instagram мен Facebook аккаунттарын бұғаттағаны үшін 25 миллион доллар төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Себебі Ақ үй басшысы компания үстінен шағым түсірген.

NBC News телеарнасының мәліметіне сәйкес айыппұлдан түсетін 22 миллион доллар президент кітапханасының құрылысын қолдауға арналған қорға аударылмақ. Бірақ Meta кінәсін жариялы түрде мойындамады.

Естеріңізге сала кетейік, корпорация осыдан 4 жыл бұрын Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасағаннан кейін саясаткердің жазбалары зорлық-зомбылыққа шақырды деген желеумен оның есептік жазбасын жауып тастаған болатын. Қазіргі президенттің аккаунттары 2 жылдан кейін ғана ашылған еді.

Сурет: egemen.kz
31 қаңтар 2025 ж. 40 0