Футболшылардың рейтингі жарияланды

Рейтингте Лионель Месси мен Криштиану Роналду көш бастап тұр. Месси бірінші орынға ие болды. Оның жалпы табысы - 126 миллион доллар. Жалақысы - 92 миллион доллар.
117 миллион доллармен екінші орында Криштиану Роналду тұр. Оның жалақысы - 70 миллион доллар.
Одан кейін француз футболшысы "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы кіші Неймар. Жалпы табысы - 96 миллион доллар, жалақысы - 78 миллион доллар.
Төртінші орында Килиан Мбаппе. Жалпы табысы - 42 миллион доллар. Жалақысы - 28 миллион доллар.
Тізімде бесінші орында "Ливерпульден" Мохамед Салах. Жалпы табысы - 37 миллион доллар, жалақы-24 миллион доллар.