Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада жойқын жер сілкінісі болды

Мексикада жойқын жер сілкінісі болды

20 қаңтарда Мексика аумағында магнитудасы 5,0 баллға жететін күшті жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 05:30-да болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 2,6 мың тұрғыны бар Эль-Морро елді мекенінен 21 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Зілзаланың ошағы 42 шақырым тереңдікте тіркелді.

Фото: baq.kz
21 қаңтар 2026 ж. 43 0