Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оманда түйелер байқауынан 20 жануар шеттетілді

Оманда түйелер байқауынан 20 жануар шеттетілді

Оман Сұлтандығының Әл-Мусанна уәлаятында өткен Camel Beauty Show 2026 фестивалінде 20 түйе косметикалық араласу белгілері анықталғаннан кейін жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Daily Mail басылымының жазуынша, байқау ветеринарлары жануарлардың сырт келбетіне жасанды өзгерістер енгізілгенін анықтаған. Осыған байланысты аталған түйелердің шоуға әрі қарай қатысуына тыйым салынды.

Парсы шығанағы елдерінде түйе сұлулығы байқаулары мәдени және тарихи мұраны айшықтайтын маңызды шара саналады. Аймақтағы түйе фестивальдерінің жүлде қоры ондаған миллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Фото: kaz.inform.kz
27 ақпан 2026 ж. 59 0