Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кувейттік компания мұнай өндірісін қысқартты

Кувейттік компания мұнай өндірісін қысқартты

Кувейт мұнай компаниясы елге Иран тарапынан қайта-қайта жасалған шабуылдарға байланысты қарапайым мұнай өндіру мен мұнай өңдеу жұмыстарын қысқартты, деп хабарлайды Анадолы KUNA агенттігіне сілтеме жасап.

Компанияның хабарламасында нақты өндіріс көлемі көрсетілмеген, бірақ бұл шара «мөлшерден тыс сақтық» деп сипатталып, жағдай тұрақталған кезде бұрынғы деңгейге толық қайтаруға дайын екендігі айтылған.

Бірер күн бұрын мемлекеттік Qatar Energy компаниясы сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндірісінің тоқтатылуына байланысты форс-мажор жариялады және тұтынушыларға өз міндеттемелерін орындай алмайтындығы туралы хабарлады.

Еске салсақ, 28 ақпанда Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер жүргізіліп жатқанда Израиль мен АҚШ Иранға әскери шабуыл жасады.

Иран өз кезегінде Қатар, Бірікке Араб Әмірліктері, Бахрейн және Израильдегі кейбір нысандарға шабуыл жасады.

АҚШ пен Израильдің шабуылынан Иранда аятолла Али Хаменеи мен көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер қаза тапты.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Хусейн Керманпур хабарлағандай, шабуылдардан жалпы 926 адам қаза тапқан.

Иран президенті шабуылдан зардап шеккен көрші елдерден кешірім сұрағаны белгілі болды.

Фото: kaz.inform.kz
08 наурыз 2026 ж. 209 0