Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 69 адам қаза тапқан ұшақ апаты: Колумбияда аза тұту жарияланды

69 адам қаза тапқан ұшақ апаты: Колумбияда аза тұту жарияланды

Колумбияда елдің оңтүстігінде әскери-тасымалдау ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 69 адамның қаза табуына байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Колумбия президенті Густаво Петро Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында әуе апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, елдің «терең қайғыға» батқанын атап өтті.

23 наурыз күні Путумайо департаментіндегі Пуэрто-Легуисамо ауданында болған әуе апатынан қаза тапқан Құрлық әскерлері, Әуе-ғарыш күштері және Ұлттық полиция қатарындағы 69 әскери қызметкеріміздің рухына тағзым ету мақсатында ел аумағында үш күндік ұлттық аза тұту жариялаймын, - делінген жарияланымда.

Ол осы кезеңде барлық мемлекеттік мекемелерде, әскери гарнизондарда, полиция бөлімшелерінде және әлемнің түкпір-түкпіріндегі Колумбия елшіліктерінде тулар төмен түсірілетінін айтты. Президент сондай-ақ қаза тапқандарды еске алуға арналған әскери қатысуымен өтетін рәсім жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Фото: baq.kz
26 наурыз 2026 ж. 21 0